Posted in

КӨН КӨҢІЛДІ (КӨҢІЛ)

Мейрімсіз, жібімейтін көңіл. ~ Абай енді біраз отырса, Кәмшатты құшақтап, баурына қысып жатып: «Сорлы бауырым, жазықсыз бауырым!» – деп, зар шегер болса да, мынадай іші дұшпандықпен қатып қалған көн көнілді жандардың алдында оны істесе, адасқаны. М.Әу. ~ “Тағы да көктем келді, бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап, өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ! Көн көңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау ару қыз аңсап, жыр аңсап! Ф.Оңғ.