Posted in

КӨН ҚҰРЫССА (ҚАТСА) ҚАЛПЫНА (ҚАЛЫБЫНА) БАРАДЫ

Жеме-жемге келгенде әркім шыққан тегіне тартады д.м. ~ Қолыңнан Азнабай ұстап берген, Көтерем аусыл болған өгіздерше, Жаңа шығып келесің биік өрден. «Көн құрысса, қалпына барад» деген, Атаңды мен қайтейін аштан өлген. Біржан сал. * Кісі емессің. Намысың жоқ. «Көн құрысса қалыбына барады» дегендей құлдығыңа тартасың, әйтпесе, атасы да, болмысы да өзіңмен тең Ақпаннан қорқар ма едің? – деп біраз қайрайды. С.Мұқ. * Meн ешқандай қағазға қол қоймаймын. Ертең жауапқа тартылар жайым жоқ,— деп Көбен кетуге ыңғайланды. — «Көн қатса — қалыбына» деген. Құдды әкең болыпсың да қойыпсың! Б.Тоғ. * Әкем әлдене емеурінді емексітіп «көн қатса қалыбына барады», «шешесін көріп қызын ал» деп алыстан хат жазып ақылға кел деп шақырған еді … Д.Дос.