Posted in

КӨНЕКТІ СЫРТТАН СҰРАДЫ

Ұнатпаған кейіппен, сыздана сөйледі. ~ Қауғабай, мен асығыс едім. Сондықтан жиналысқа шақырғаныңа рақмет айтуға тура келеді, – деді Әлібек, көріспей жатып көнекті сырттан сұрай сөйлеп. Х.Ес. ~ «Мал иесіне тартады» деуші еді, Қатираның иті бишара да көнекті сырттан сұрағаны ма! – Кемпір аузын сылп еткізіп, бетін шымшыды. “Дүрегейлер” (әңгіме). ~ Бірақ оны айту, шындықты бағалау 16-шы желтоқсан желінен кейін ғана, өз қолымыз өз аузымызға жеткенде белең алғаны өкінішті болса да, ақиқат. Көнекті сырттан сұрауымыз көсегемізді көгертпесе де шыншылдығы шерменде күйі үнсіздікте қалған тұлғаларымыз да болды. А.Құл.