Көпті көрген, көне көз. ~ – Ay, Тайлеке! Бұл ағайының тауып айтар ақылы болса ұзақты күнді кеш қылмай айтпас па еді. Көп білмегенін көнектің түбін тескен көнеден сұрайды. Ж.Ахм. ~ Шығарма автордың – Пионер Солтанұлының нағашысы Рүстем Әбітұлы, Қошағаштағы Шүй деген жерді мекен еткен көне көз қариялардың, «көнектің түбін тескен» қарттардың, маңдайын ерте әжім басқан әжелердің айтқан әңгімесін тыңдап, соларды саралап, мың ойланып, мың толғанып барып жарық көргені аңдалады. “Қазақстан тар.” ~ Көргені аз жас би обал-сауапты білмей, билік айтқанды біледі «Жаңа байығаннан қарыз сұрама, жаңа би болғаннан билік сұрама» дейтіні сол. Ал сен көпті көріп, көнектің түбін тескен қарт бисің. Кейінгіге үлгі болады десе бүгінгі әрекетіңмен құлға болып отырғаныңды білемісің?! Ж.Ахм.
