Posted in

КӨНЕНІҢ КӨЗІ

Ескіден қалған қымбат дүние; ата-баба дәстүрлерін жалғастырушы қарт. * Жұматайдың әр сөзі көненің көзі сықылды, көңілді елеңдетеді. Ақын – бармағының сиқыры бар ұста. Ж.Нәж. * Жағда қариямен сұхбаттасып болған соң ақсақалдан көненің көзі, дәстүрдің өзі ғой деп ақ бата сұрадым. – Ал ендеше қолыңды жай, батамды берейін, – деп Жағда қария ақ батасын берді. Қ.Бег. * Бұл – менің алтыншы атам Хошмәметтің сыбызғысы. Қолдан қолға ауысып маған жетті. Бабадан өнер жұқпаған, біздікі жәй көненің көзі жоғалмасын деп ие болып жүрген әурешілік қой. Т.Сәу. * Інім, бүгіндері мен сол суретті ойлап, біріншіден біздің пұстыларымыз би билеген және біздің екі ішекті домбырамыз көненің көзі — көп қалықтардың шертпелі аспаптарының атасы дегім келеді. Б.Қыд.