Шөл қысты, сусады; құрғап қалды. * «Мынаның көні кеуіп қалыпты ғой!» «Шайшылын қарай гөр өзінің?..» деп бірі мысқылдап, бірі таңырқап, сэр Роберттің сыртынан күбірлескендер де баршылық. Т.Сәу. * “Құйсаңшы – бесті қымыздан көні кеуіп келген өкіл мырзаға, ыстық шайға аузын күйдірмей!” Д.Дос. * Бетпақдаланың небір аспан айналып жерге түскендей ыстықтарында ақ тер-көк тер боп қай жерді қазса да көні кепкен қу даладан қиыршық құм болмаса, сыңар тамшы шықпағасын еңбегі еш-тұзы сор қара сирақтар қаһарға мінсін. Ә.Нұрп.
- Аңсары ауды, құмартты. * Осы сәтке дейін көзіне ілмей жүрген көрші қызға жатып аңсары ауып, көні кеппесі бар ма. Қызды ойша тыржалаңаш шешіндіріп алды. Н.Дәут. ~ Жарас. Уа, соры қайнаған, Теңге, көні кеуіп қапты ғой ойбай мынаның? М.Әу.
- Жоқшылықтан көзі ашылмады, тұрмыс тауқыметін тартты. * Көні кепкен сұр кедей, Біраз күн сөйтіп ләм демей, Басқаннан соң қарқынын, Бастады Жүкең бір істі: Ел билеуге кірісті. М.Жұм. ~ – Биыл сенен кеусен сұраушылар аз болмас. Табан ет, маңдай термен жиналған дүниені көні кепкен көпшіліктің қайсысының аузынан табасың? — деді Керімбай артық шашылғанды ұнатпайтын әдетімен. Қ.Жұм.
