Posted in

КӨНІН СҮЙРЕДІ (СҮЙРЕТТІ)

Аштықтан әбден әлсіреп, титықтады. * Мен қайдан білейін. Әйтеуір күнде таяқ жеп қайтады. Аузы-басы қан-қан болып, «көнін зорға сүйреп келеді де, үш-төрт сағаттан кейін есін жинайды. Тағы үндемейді. Б.Қыд. * Ащы су іштерін алып түсті. Онсыз да көнін сүйреткен жануарлар іші-бауыры қатып, инеліктей мықшиды да қалды. Ә.Нұрп. ~ Бұл ретте әсіресе, осы күнгі бал жалаған басшы қазақтардың да, көнін сүйреткен қосшы қазақтың да жаны мен тәніне жара болып жармасқан жүзшілдік, тайпашылдық, ең берісі рушылдық дертінің соры қалың болып тұр. М.Кенж. ~ Көнін сүйреткен көтерем балаларын кезек-кезек көтеріп, өліп-талып үшінші дөңнен де асты-ау. Тағы да иен дала. БАҚ. ~ Ол кезгі ақындық салт сондай риясыз көңіл сыйластығы болатын. Көнін сүйретіп зорға жүрген ақынның өзін Алматыда аман-сау қарсы алып, «аса сау еместеу етіп» Түркістанына қайыра шығарып салар едік. Шіркін, жастық шақ! Қ.Ерг.