Жүректегі шер-қайғыны тарқатып, сергітер, дем берер. ~ Көрінсін Біржан салға ай сықылды, Ақ құйрық көңіл ашар шай сықылды. “Біржан- Сара”. ~ Алдағы қызық, жайраң жазға асыққан өскелең өмірдің шаттығын бастар майрампаз көңіл ашар сәті еді бұл… С.См. ~ Жайлауы еліміздің – мидай дала, Түріндей масатының күрең ала. Ел кезіп, өз үйіме оралғанда, Мұңдасым, көңіл ашар Әпіш қана. Біржан с. ~ Анықтап айналаға көз салып еді; теңіз өңірінің әлгі бір көңіл ашар ескек желі бағанағыдан гөрі сәл көтерілген бе, әйтеуір, сыпыра жағалауды жиектеп ескен көк құрақ судырлап сөйлеп тұр екен. Ә.Нұрп.
