Жадырады, жүзіне күлкі үйірілді. ~ Жамалың ешуақыт ойынан Ғали кетпей, бір минут көңіл ашып, езу тартып күлмеуші еді, ешкіммен сөйлеспей, сөйлеген кісінің сөзін ұқпай я естімей бір түрлі диуана кісідей болып жүрді. М.Дул. ~ Шойқара ет жерге келгенде қабағын шытынғанымен бұлты тез тараған тау күніндей көңіл ашып еді. Б.Қыд.
- Ойын-сауық құрды. ~ Оны ормандағы арақ досының біреуі бүгінгі көңіл ашуға шақырғанынан басқалары хабарсыз екен. Т.Рыск. ~ Княжна қызық пен көңіл ашуды тілейтін әйелдердің бірі ғой деймін; егер сенің қасыңда оған тұтасынан екі минут көңілсіз болса, онда сенің біржолата өлгенің… М.Лерм.
