Бой сергітті, дем алды, көңіл көтерді. ~ Үйдің іші қапырық, далада, табиғат аясында отырып дем алайық, көңіл жазып сырласайық, – деді Ералы. Ә.Асқ. ~ Ac ішіп, қарын тойдыру ғана емес, бұлардың қонақ етуі тегі кішігірім той секілді, көңіл жазып, бір сергіп қалу ғой. К.Қаз. ~ Созады Біржан даусын қоңыр қаздай, Халқынан, ел-жұртынан көңіл жазбай. Жалғанның жалында ойнап, айтады ол Қалмасын уақыт озбай, өмір тозбай. К.Мырз.
