Біреудің бетін қайтармай, айтқан тілегін орындауға бейім тұратын сыйластық. * Әнеугі бюрода сіздің мәселеңізді жігіттер көңіл жықпастыққа салып жұмсақ шешкен секілді… О.Сәр. * Осындай бір бабында Сәлима неге де көніп,көңіл жықпастыққа баратын; жеңгетайлыққа жүріп кетеді. М.Сүн. * Жігіттер о кезде арақ пен шарапқа онша құмар емес еді, әйтеуір, көз алдында тұрған соң көңіл жықпастықпен стакан шаярдай түбіне тамызып ырымын жасайтын. С.См. * Қонағы шын риза болып отыр ма, әлде көңіл жықпастығы ма, немесе өкімет адамдары құсап саясат ұстап отыр ма дегендей Ораздың бет-ажарына бір қарады да бұл жігіттің жүрегі таза, іші даңғыл екенін андаған соң … Б.Тоғ.
