Адамның саналы ойы, жүрек сарайы. ~ Ойнаған сөздер оқушыға ой салады. Ойланған оқушы əр сөзге жай көзбен емес, көңіл көзімен, көкірек көзімен қарайды. З.Қаб. ~ Бұрын Заманбайды көрмеген Ақан сері мен бұрын де, әңгімесін тыңдамаған Ғазиз ақын, алыс-жақынды болжағыш, ойы шыңырау, көңіл көзі жіті қартты сөзіне құмартты. С.Жүн. ~ Қиналыстан құтылудың жолын қуған Адам – абсолютті тыныштыққа яғни нирванаға жетеді. Міне бақыт дегеніңіз осы. Гаутаманың көңіл көзі алдында адамзаттың бағы мен соры болған бұл ақиқат ашылуы сол екен Мара Сайтан шауып келеді. С.Ел. ~ Жүрек лүпілі еш нәрсеге көңіл көзін тоқыратар емес, алып қаша береді. М.Сүн. ~ Көңіл көзімен сараласа, содан бері де қаншама күн, қаншама ай, қаншама жыл жылыстады, қаншама көктем, қаншама жаз, қаншама күз, қаншама қыс ауысты… Д.Рам.
