Posted in

КӨҢІЛ КӨТЕРДІ

Ойнап-күлді, ойын-сауық ұйымдастырды. * … ілгері соңғы заманды сөз қылып, маңайда жаңада болған күлкі жайларды теріп, қалжыңмен көңіл көтерісіп келіп, аяғында Сәрсен ақсақал Бақтығұлға шынымен көңілін орнықтыратын сөзді айтты. М.Әу. * Екеуміз саятқа шықтық. Қазақта саятқа шығу — саяхатқа шығу, сайраққа аттану сияқты еріккеннің, көңіл көтеріп, уақыт өткізу шарасы еді. Б.Қыд. ~ Көшелер шаң, жауын жауса — ми батпақ. Жастардың жиналып көңіл көтерер клубтары сол баяғы ескі тамдар… Б.Тоғ. ~ Олар күні бүгінге дейін ауыл арасының той-томалағының әнші-күйшісі, көңіл көтерер ермегі болса, енді олардың үні мен ойыны жалпақ халық игілігі болар күн жетті. С.Бег.