Posted in

КӨҢІЛ СҰРАДЫ

Науқас адамның жағдайын білу, қолдау білдіру. ~ Осы кезде «ассалаумағаләйкүм» деген бірнеше дауыс қатарынан шықты да, көңіл сұрап келген адамдар үйге кіріп келгенде, көңілім жадырап сала берді. Т.Әбд. ~ Ақын ағаның ауру екенін естіп, көңіл сұрауға алыстан келуінің өзі Әсеттің үлкен адамгершілігін дәлелдейді. Б.Нұрж. * Қасым ақын көшеге шыға алмайтын болыпты деген сөз естимін. Ауыр сөз. Қасекеңді көрейін, көңілін сұрайын деп, үйіне келдім. Б.Соқ.