Posted in

КӨҢІЛ ТҰШЫНДЫ (ТҰШЫДЫ)

Айызы қанды, риза болды. ~ Бұ сөздердің астарында не жатқанын аңғардың ба, балам? Жә, жә! Шұлғыспай-ақ қойыңдар! Бас шұлғығанмен, көңіл тұшынып, көз көрмейді, әлгі китаптарың мұндайды жазбаған-ды. Ж.Нәж. * Тағы бір туындының тұсаукесері өтті. Тағы да көңіл тұшынды, тағы да бір жақсы киноның прокатқа жіберілгенін түйсіндік. Ә.Дәулетнияз. * Оның күнделігінде осы күнге дейін жоғары көрсеткішке өскендігін айқындайтын көптеген смайликтерін көріп, көңіліміз тұшынды. БАҚ. * Ең соңғысы, өліге көңіл тұшынтар қазанама да оқи алмайсың. Қ.Түм. ~ Көз болса көруден қалып барады, кемпірімді қазан-ошақтан жырып жалдап оқыттым. Көңіл тұшыса бір жөн, іліп алары жоқ бес жүз беттік шаңды сілкіп шыққанша өмірім өксіп, қажып кеттім ғой. Обал деген қайда? Қ.Ысқ.