Posted in

КӨҢІЛГЕ ЖАҒЫМДЫ

Ұнамды, жанға жайлы. * Халықтың білімді саңылаулы табы ақылға қонымды жағына ерді. Халықтың қараңғы табы көңілге жағымды қызықтырған жағына ерді. С.Сей. ~ Сені Қазиза апасының көзі деп білетін шығар, – деп, әкесі көңілге жағатын бәтуәлі байламды сөз айтты. А.Жақ. ~ Әр адам бақытты болғысы келеді, бірақ бұған әркімнің қолы жете бермейді. Себебі, көбіміз оған қолжетпес арман ретінде қараймыз, ал негізінде бәрі оңай. Көңілге жағымды эмоцияларды кез келген адам ала алады, бар-жоғы психологтар ұсынған бірнеше ережелерді ұстанып жүрсе болғаны. БАҚ. (Білім ALL)