Жанға медет, демеу, көңіл қошы, уанышы. * Қайғырмай не етемін, Бізде жоқ назарың. Көңілге жұбаныш, Сен едің базарым. Абай. * Қайғы-қасіретте көңілге жұбаныш болатын бірден-бір дауа темекі боп саналатын. С.Мұр. * «Қыдырман бар ғой, бірдеңе ғып сол жеткізіп берер»,- деген жалғыз ғана көмескі үміт көңілге жұбаныш еді. Екі-үш күннен кейін сорымызға қарай сол көңілге жұбаныш болған жалғыз үмітімізден де айырылуға тура келді. С.Мұр.
