Арқа сүйер, қолдау, демеу. ~ Кәрібайдың баласы жоқ, сенің балаларыңның оған жаттығы болмайды», — деп еді Қоржынтай. Злиха талған көңілге осыны сеп қылғандай, осыны ойлап өзін- өзі айналдырғандай болып ақтық рет балаларын сүйіп, «алтын босағасын» аттап, жең тартып еді… Б.Май. ~ Жалаңаш тұрған бала нағыз қайсар, Көзге күш, көңілге сеп анықты айтар. Төлешті сағынғанда сол мүсінді Көруге үнсіз ғана барып қайтам. К.Сал. ~ Сол келіншек сенің жеңгең, менің шешем еді ғой, Сенің барың, менің барым көңіліне сеп еді ғой. К.Мырз.
