Әлдебір жақсылықтан хабар берді, дәмелендірді. ~ Бұл да бір көптен күткен жаңалық еді. Мынау қиын күндерде кеудеге үміт сыйлар жақсы жаңалық болды! Ресми түрде бүгін 19 миллионға жеттік, ағайын! БАҚ. ~ Он сегіз мың ғалам біткен қимайтын, Бір тыныс бар кеудеге үміт сыйлайтын Үміт өшіп, тыныс бітіп жұтылып, Бара жатыр қауызына бидайдың. БАҚ. ~ Біз жай ғана «батон» деп атайтын француз багетін пісіріп, қаладағы үлкен базарға орналастырған шағын вагонда нан саудасын жолға қойды. Сатып алушылар қаз-қатар кезекке тұрып кәсіпке жан бітірді, кеудеге үміт сыйлады. БАҚ.
