Posted in

КӨҢІЛГЕ ҰЯЛАДЫ

Ойда қалды, жадында сақталды. ~ Сағынған ұлдың санамен сарғайтқан уайымы ғана дәл осылай жүректен төгіліп, көңілге ұялайтын күй шалатын. С.См. * … белең белең түнгі сусыма құмның ішіне кірген сайын көңілге күдік пен уайым ұялап, жанын жейді. К.Өтжан. ~ Солай де, Жанахметім. Менің наныңқырамай тұрғаным. Құрғақ қиял емес пе, а? Экономиканы, әл– ауқатты шұғыл өрге бастыру бір– екі жылдың шарасы емес. «Ура– ура! » деп жүріп… Омақасып жүрмесек… Бірақ әңгімесінің біразы көңілге ұялайды. К.Хам. * Өйткені өкімет тарапынан бізге қамқорлық болар деген сенім көңілге ұяламайды. С.Бег.