Жанына жақты, ұнады; бейнесі жадында қалды. * Бұл бейнесі көңілден орын алған, Талай арман бұл жерде орындалған. Көп сәуленің бірі болып жанар едім, Бар жарықты мына өмір сорып алған. Д. Ілияс. * Нұрбикенің ішін ілген жоқ, алдын кесіп өтпесе де көзден жырақ, көңілден орын теппеген бір кемпір, әйтеуір ене деген аты болмаса оған бәрібір бөтен еді. Қ.Ысқ. ~ Өз ойлап тапқаны ма, әлде өзгенің пікірі ме – білмейді. Әйтеуір осы ой көңілінен мықтап орын тепті. Қайтсе де кетуге, қалаға кетуге бел байлады. М.Мағ. ~ Шынар жымиып күлді. Көзі жоқ Мырзаш Смағұловты әжуалағанын немесе өзін әжуалап тұрғанын Елеусіз байыптай алмады. Неде болса, оның көңілінен көмескі бір күдік орын тепті. Т.Әл.
