Posted in

КӨҢІЛІ АЛЫП-ҰШТЫ

Толқыды, тебіренді, жүрегі аласұрды, атша тулады. ~ Бұны бұл қиян далаға айдап бара жатқан қандай желік екенін ойлап бас қатырмаған, еркіндік сүйгіш көңілі алып-ұшып алға қарай жетелей берген. АҚ. “Арпалыспен…” ~ «Маған не болды? Себеп жоқ қой, тіпті»,- деп ойлап, өзін-өзі тежегісі кеп еді, бірақ осы бір аяк астынан килігіп, көңілін алып-ұшырып бара жатқан шаттық сезімге әлі келмеді. Ә.Нұрп. ~ Арулармен тектес көктем қылығы. Алып ұшқан көңілдердің күлігі. Аузы берік тұйық жандар шешіліп, Ашылғандай құпиялар құлыбы. Қ.М.Әл. ~ Бағана мені зембілге сап əкелген бойда-ақ Қайратым алдымнан жүгіріп шығып «Папа’ Ертең жазыласың ба? Сосын мені мойныңа мінгізесің бе?» — деген Нəрестенің алып ұшқан көңілін жыққым келмей. Н.Кел.