Риза болды, көңілі толды. ~ Он сегіздегі қыздай. Тамағы үлбіреп тұр. Мұндай әйел анау-мынау еркекке аспаннан түскен ырыс қой! Қазіргі басшылардың я өзіңе, я әйеліңе көңілі бітуі керек. Ә.Кек. ~ Төрт қыздың күйеулерінің ішінен әкемнің көңілі біткен күйеу баласы сенің әкең болды. Ү.Жәл. ~ Кей кезде есірік болған киік, қарақұйрыққа да түсіп, сынала берді. Ителгіге көңілі біткенде әкесі «шегір ала» деп сүйсінуші еді. Ү.Жәл.
