Posted in

КӨҢІЛІ БОС

Көңілшек, жұмсақ мінезді, аямпаз. * Қасындағы жолдастары да қыбыр етпей, ұйып тыңдап қалған. Ақын жанды Күдерінің көңілі бос еді, көзіне іркілген жасты көрсетпей, теріс айнала берді. Қ.Жұм. * «Әскер боп тұрдым, белімді- ай будым, қайтейін, Германға қарсы- ай тудым- ай! . . » — деп қайырғанда кейбір көңілі бос әйелдерді жылатып та алады. Ә.Тар. * Сатай сауыншыға емес, Бас хатшыға таң қалды. «Көңілі бос екен. Соғыс көргеннің бәрі осылай көңіл бостыққа салынып, сақал- шашты ерте ағартып жүр ғой. Қ.Түм.