Posted in

КӨҢІЛІ ДАУАЛАДЫ

Риза болды, жаны жайланды. ~ Қайткенмен біздің Қартқожа көптен бері арман қылған мүддесінің бір шетіне іліккендей көңілі бір дауалап қалды. Ж.Айм. ~ Тау сағалап, орман кезуге қай күні көңілі дауаласа, сол күні кідірмей- ақ атқа ер салатын. Ж.Айм. ~ Істеген ісіне жаңа көңілі дауалап, қызметтің жемісін көрем бе деп жүргенде, еткен еңбегінің бəрі далаға кеткендей көрінді. Қызметтен көңілі суыды. Мейлінше қапаланды. Ж.Айм. ~ Әнші көңілі дауалағандай, ырғалаңдап мойнын бұрып салып, гармонды барылдатып күйледі. Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Ж.Айм. ~ Осы ит аяқты іңірде қарамай кетіп, – деп қара кебежені құшырлана теуіп қалды. Қаңсыған, қажыған, қаусаған қара кебеженің айғыз тақтайы опырылып, күлдір етті. Аяғының тегеуірініне сүйсінгендей, күңдік ұясын бір теуіп күйреткендей, Қызылбикенің көңілі дауалап, ернін бір жымырып… Ж.Айм.