Posted in

КӨҢІЛІ ЕЛЖІРЕДІ

Жүрегі жібіді, ықыласы түсіп, көңілшектенді. ~ Тұңғиық, уайымға бейім, ойлы көздері жасаурап, көңілі елжіреп, іштей егілген бейне байқатады. Т.Рыск. ~ Денелі ірі орыс құшақтай бетінен сүйіп, бауырына басқанда Қуанның жетім көңілі елжірей босап, бір түрлі шағынғандай жанарынан ытқып кеткен сортаң жасты ірке алмады. М.Сүн. ~ Жаңа ғана Раушанға көңілі елжіреп бара жатыр еді, сол әміршісі желкесінен тартып тұрғызып әкетті. Т.Ахт. ~ Келіннің аяғынан беріп, үй дабыр-дұбырға толса, ерінің жүрегі жібіп, көңілі елжіреп, перзенттерінің анасына бүгінгідей жаман көзімен атып қарамас еді-ау?! Е.Әл.