Posted in

КӨҢІЛІ ЕРІДІ

Жүрегі жібіді, ықыласы ауды. ~ Бәдіғұлжамал тыңдады тысында тұрып, Қарады бір тесіктен көңілін беріп. Қасын, көзін, сипатын көріп еді, Талып түсті кешікпей көңілі еріп. “Сейпілмәлік”. ~ Бес қару жарасып тұр тал бойына, Ақылы ажарына болған серік. Жел сөзге екі аяқтың бұлбұлы екен, Сөйледі көрген жерден көңілі еріп. “Қыз Жібек”.