Posted in

КӨҢІЛІ ӘЛЕМ-ТАПЫРЫҚ (ӘРІ-СӘРІ)

Әлденеге қатты алаңдап, мазасыздану туралы. ~ Бірақ Ожардың сонау жан түршігер қылығы, бұның да шыңырау түбінде мүлгіп жатқан ұйқылы–ояу сезімін оятты. Тыныш көңілін әлем-тапырық етті. І.Ес. ~ Бүркіттің есіне осыдан он бес жылдай бұрын еткен бір сурет түсіп кетті. Онда да осындай өртенген дала болатын. Онда да дәл қазіргідей көңілі әлем-тапырық еді. І.Ес. ~ … солардың кесірінен қыруар жұмысын тастап, өзінің тентіреп баратыны, жолы боп ісі оңға басса — жақсы, сәтсіз аяқталса ше деп те көңілі әрі-сәрі. М.Сүн. ~ Эльвира бір жігітке жар боларлық мінезге бай, ізгілікті, тәрбиелі жан еді. Бірақ мұның көңілі әрі-сәрі, самарқау болатын. Т.Сәу.