Posted in

КӨҢІЛІ ЖАЙ (ЖАЙШЫЛЫҚ) ТАПТЫ

Жаны (көңілі) тынышталды, сабасына түсті, ештеңеге алаңдамайтын болды. * Сөйтіп, кемді – күн демалыс шағы болса да, қалаға төнген қатерді естен шығарып, көңілі жай табатын-ды. Жоқ, көңілі жай табады деген жай сөз. Өйткені онда үй-жайы қалды. С.Шайм. * Досының мәңгі мас күйінде мәңгіріп жүре бергені ғана көңілін жай таптыратындай. О.Бөк. * Айқастың майданын пайымдап, тосқауыл қойып үлгерген Қоңырдың көңілі жай тауып еді… Қ.Тол. * Екі-үш ұсақ тұсақ тұяқ алып, басында көңілі жай тапқандай болған Күлзипа, енді басқа «өнер» шығара бастады. С.Жүн. * Бұл жиынға «халықшыл көсем» келмейтіндей көрініп, көңілім бір сәт жайшылық тауып орныққандай болып еді. Қ.Шабд.