Жан сарайы жұпыны, оқыған-тоқығаны шамалы, ниеті тар. ~ Кеп алдына түсем бе деген үрейден қуыс кеудесі ғана отырған оған қарап «көңілі кедейді ешнәрсемен байыта алмайсың» деп ойлады Керімбек. Ж.Ахм. ~ Өзіне ыңғайлы, өзіне пайдалы шеңберден шықпайтыны, жақсы болып көрінудің амалдарын меңгергені білініп тұрады. Материалдық тұрғыдан бай болса да көңілі кедей. Шіреніп креслода отырса да ойы құлдық деңгейде. Ж.Жайл. ~ Көңілі кедей адамды ешнәрсемен байыта алмайсың. Ж.Жайл.
