Posted in

КӨҢІЛІ КӨБЕЛЕК ҚАНАТТАНДЫ

Әлдебір тәтті сезімге беріліп, елпең қақты, әуеге самғады. ~ Күйбең тірліктің бірлі-ұсақты көп уайымы қажап-қажап қаяу тартқан көңілдер көбелек қанаттанып, елегізіп шыға келеді. Ә.Кек. ~ Бақыт деген бар дәмдісін көмейлетіп бірден асата салмай, мысқалдап таттырып, бір тәттіден соң бір тәттіге ынтықтырып, тамсантып қоятынымен қымбат екен-ау. Көңілі ілезде көбелек қанаттанып, елпіл қақты. Н.Сам.