Posted in

КӨҢІЛІ ҚАЯУ (ҚАЯУЛЫ)

Мұңды, қайғылы. * Қайғы-қасірет пе, сағыныш па, әлде белгісіз арманға бой ұрған елігу ме әйтеуір көңілі қаяу. Т.Ахт.~ Ал мына жігіттің жағдайы тіптен ерекше — көңілі қаяу бала, кешегі өткен соғыс сызы етінен өтіп, сүйегіне жеткен… Қаяулыны аяу, дұрысы, аялай білу керек. М.Қаб. * Күн шуағы жердің тоңын жібіткенмен, жұртшылықтың жүздерін жадырата алмады. Көңілдері қаяулы көптің жүректері күпті. Ү.Жәл. * Көтеріп жібер, Көңілің неден қаяулы? Не деген екен? Несі бар осы заһардың? Оқышы тағы, оқышы Омар Һәйәмды. М.Мақ.