Posted in

КӨҢІЛІ МҰЗДАДЫ

Жаны түршікті. ~ Жан шошырлық бір тықырдың тақап қалғанын Арман тап қазір ғана шындап сезгендей болды. Сол-ақ екен, көңілі мұздап, көздері қарауытып, бір бейуақ тылсым үрей төбесінен төніп келе жатқандай боп кетті Арман өмірінде бүйтіп үрейленген емес. Н.Кел. ~ Күйеуіне деген онсыз да суық көңілі, мүлде мұздап, қатты жабырқап қалғанымен, бәрібір сол түні біртүрлі өзімен-өзі шаттанып жатты. Н.Дәу.