Posted in

КӨҢІЛІ НАЛА (НАЛАЛЫ)

Әлденеге ренжулі, қапа. ~ Сұраймын бір домбыра Сізден жаңа, Уантар, тартқан кезде көңілім нала. Үйренбес әсте өнер жоқ мен ашынсам, Күйден де күдерімді үзбен, аға! Т.Әл. ~ Өн бойын дерт басқан, жаны жара, көңілі нала Хақназар, болашақ тартыстың ауыр жүгін арқалап, той сарайына келді. І.Ес. ~ Бір кездегі сұңғақ бойының бүкірейіп, аяғын сылбыр басқанынан, іште жатқан қобалжу, мазасыздану кейпі суығын сыртқа шығарып, оны әлсін–әлсін уһілеткеніне қарағанда, бұның да көңілі налалы, жаны жаралы кісі екені даусыз. І.Ес.