Posted in

КӨҢІЛІ НАЛА, ЖАНЫ (БАУЫРЫ, ЖҮРЕГІ) ЖАРА

Әлденеге ренішті, ашулы, кекті; жанын жегідей жеген мұң-шер бар. ~ Қайғылыны да, қасіретін де. Жаннат та қанша көңілі нала, бауыры жара болғанмен өмірдің сол темір заңынан құтыла алмады, тіршілік үшін күресуге мәжбүр болды. І.Ес. ~ Қиялға беріліп отырған бұл бойжеткеннің аты Акжұлдыз. Оның көңілі нала, жаны жара. С.Дос. ~ Бұл күнде көңіл нала, жүрек жара, Амалсыз жүрген кезі жүдеп Сара. Торынан Жиенқұлдың құтыла алса, Аспандап ұшар еді түлеп Сара. “Біржан – Сара”. ~ Бір кездегі сұңғақ бойының бүкірейіп, аяғын сылбыр басқанынан, іште жатқан қобалжу, мазасыздану кейпі суығын сыртқа шығарып, оны әлсін–әлсін уһілеткеніне қарағанда, бұның да көңілі налалы, жаны жаралы кісі екені даусыз. І.Ес.