Posted in

КӨҢІЛІ ТОЛМАДЫ

Ойынан шықпады; місе тұтпады; үміті ақталмады; менсінбеді. * Әке балаға сыншы: Сырлыбайдан тараған көп жаманға батырдың көңілі әсте толған емес. З.Шүк. * Бірақ Нағиманың көңілі толмай, қатын үстіне баруды ар көретін. Ж.Айм. * Өкініш болса өткеніңе көңілің толмағаны. Жазықтымын дейсің ғой, әлде біреуді жазғырамысың? С.Әбік.