Жаны жай тапты, сабасына түсті. * Торсан бала болып қолына кіргелі зәрезәт болып қалған жүрек орнына түскендей, көңілі тынышталып серги бастады. Ғ.Мүс. * Тәңірберген өзінің тірлігіне тәубе ғып көңілі тыныштала бергенде, кенет әлденеге ішінен күбірлеп: «Құдай зауалыңды берсін!»- деді. Ә.Нұрп. ~ Аспан таудың тәккәппар биігін тақ төбесінен табанына салмай, көңілі тынышитын емес. Ол үшін күш-қуаты ортаймай тұрған кезде қимылдап қалғаны жөн. Н.Ақ.
