Posted in

КӨҢІЛІ ШАПТЫ

Тәбеті оянды. ~ Шешем бұрын түн болса, жөтеліп, тынши алмай шығады екен, мен келген түні тыныстап жақсы ұйықтады. Ертеңіне асқа көңілі шабатынын айтты. С.Шай. ~ Кеңілі жылқы етіне соғады. Өз үйі жылқы соя алмаған. Қайыннан сұратуға арланады. Дәулеті төмен, көкірегі жоғары жас бір құмарын қосағына айтып қойды: — Шіркін жылқы! Мінсең қанат, ішсең шарап, жесең бал, ауырсаң ем. — Бұның әлі сандырақ па, шының ба? — Түсінсең шыным. Түсінбесең сандырағым. — Жылқы етіне көңілің шаба ма? — Шапса қайтпек едің? — Үйден алдырам. Ғ.Мұст.