Posted in

КӨҢІЛІН АЛДЫ

Жақсы жағынан көрініп, алдарқатты, риза қылды. ~ …енді Байдалы шалды өз қолынан бастық сайлаған соң, айтқанын екі еткізбей орындатып Зибашты дереу бригадир қойғызды, сөйтіп, келіншектің көңілін алып, өз дегеніне жетті десті. С.Мұр. ~ Биылғы жылы Маншың өкіметі қазақтан алынатын шөп бажыға неге кешірім жасағаны да енді түсінікті болды. Ойпыл- тойпыл кезеңде халықтың көңілін алмақ болғаны. Қ.Жұм.