Posted in

КӨҢІЛІН САП-САП БАСТЫ

Сабасына түсті, тынышталды. ~ Нұрлан қараптан– қарап отырып, ашулана бастады: «Орысы не, немісі не, айырмасы жоқ. Құлынды биедей жараса қалуын қарашы», – деді ішінен. Міне, қызық, есеңгіреген көңілін сап– сап басып, есін жиса, кіндік шешесінің ауласында тұр. О.Бөк. ~ Бұдан соң ол аптыққан, әлденеге қысастанып, орынсыз шаптыға берген сынық көңілін сап– сап басып, ақылға жеңдірген. О.Бөк.