Posted in

КӨҢІЛІНЕ КЕЛДІ

Намысына тиді, ауыр қабылдады. ~ Түнде ғана, бір үйде қатар отырып, қонақ болғанбыз. Ендігісі мынау. Атамның көңіліне келіп, есінде қалыпты. Кейінде айтқаны бар. Әйтсе де, артықша кінәламаған. М.Мағ. ~ «Әй осының ойыны жаман. Кісінің көңіліне келеді екен деу жоқ. Қойып қап қарап отырады». М.Сүн. ~ Шешең оны айтпаған екен-ау саған. Иі жұмсақ адам ғой, кейде батырыңқырап, кейде жеткізіп айтатын реті келгенде де балаларының көңіліне келер деп, ішінде сақтайтын әдеті бар еді… К.Қал.

  1. Ойына орала кетті. ~ О,— деді Баранов көңіліне келе қалған бір қулыққа рақаттана күлімсіреп,— шешем ғана орыс, әкем қазақ. Ә.Әб.