Көңіліне қаяу түсірді; күйікке ұшыратты. * Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы. Артықшылық өзгенің жанын жаралап, көңіліне шоқ түсіреді. Т.Әбд. * …ол әлі де қауызын жарып шашылмаған гүл тәрізді, қалжыңдаған боп көңіліне шоқ сала сөйлеген нағашы апасына кейде ренжіп қалғандай өкпелей қарап, әзіліне көз жасындай таза мөлдір бұлақ сезіммен жауап береді. І.Ес.
