Posted in

КӨП АУЗЫНДА

Сөзге қалды. ~ Бұрыңғыдай сүйкім жоқ, Сүйкім түгіл икем жоқ. өлмесем де өлді дер, Көп аузында күлкі етер. БС “Алдар көсе”. ~ Үмiтей айтқан соң салдарды Дүтбай сүймесе де, шыдап қалды. Бiрақ ол шыдам үш күннен арыға бара алмады. Бару мүмкiн де емес едi. Көп аузында жүрген жыбыр өсек күйеу жолдастарын түгел тулатып болған-ды. М.Әу. ~ Ақсақ, соқыр, кәріптер, Ғалым, залым, жақсылар, Момын, надан, бақсылар. Әсіресе сөз болған Көп аузында бақсылар. БС “Алдар көсе”.