Әрі кетсе, азар болса; не қылар дейсің д.м. * “Мейлі, – деді ол іштей жанығып, – мейлі, көп болса қожайын дүре соққызар. Ол көрмей жүрген қоқайым ба. Ат қораға барып, Шаммен бірге түнеп шығайын”. А.См. * Енді ажал тырнағы тек жүрекке ғана жетпей тұр. Оған да жетер. Көп болса бір апта … сосын … анау Алатаудың бауырында … көп қорымды көк жотаның үстінде … көктемнің жып-жылы шуағына бусанып тағы бір жас топырақ үйіндісі жатады. Сонымен бітті. Одан әрі … қара түнек … Д.Әш.
