Posted in

КӨП ЖАСА (ЖАСАҒЫР)

Ұзақ өмір тілеу. * Осы тұсқа келгенде жұрт ішінен бір кемпір: — Айналайын-ай, ел көкейін тауып айтып отыр ғой, көп жасағыр, — дей берді. Б.Мом. * Төртеу тілек пен шарап толы ыдыстарын тамшысына дейін қалдырмай қағып-қағып тастады. — Ух, тынысым кеңіп сала берді ғой. Уай, Жаңа жылдарың құтты болсын, балалар! — Өзіңізбен бірге болсын! — Көп жасаңыз, ата! С.См.