Сөзуар; мылжың. * Таңертеңгі шайда кездескен Ырғызбайдың мол сақалды, көп сөзді мылжыңдары да түстікке қайта оралған. Енді олар аттарын жеккізіп қойып, Абаймен бірге ет жеп алғалы отыр. М.Әу. * Шал онша көп сөзді кісі емес екен. Өзі де бұрын әскерде болып көргендіктен бе, бұлардың жай-жапсарын, бет алысын қазып сұрамады, тек өз жағдайын, өз білгенін ғана айтты. Т.Ахт.
