Posted in

КӨПЕ-КӨРНЕУ ҚИЯНАТ

Қасақана жасалған озбырлық. ~ Ешкімнен сұраған жоқ, халықтың еркінен тыс, қылмысты іске аяқ басты. Енді міне, бүкіл әлем қауымдастығынан қаймықпай, өздерінің қара ниет, арам істерін жүзеге асыра бастады. Бұл жер қазір Рахман-Ата ауылы деп аталады. Тарихқа көпе-көрнеу қиянат. Бетпақ арсыздық. М.Мағ. ~ Жайнап тұрған шырақты қалай көзiң қиып сөндiресiң. Лап етiп шапшып қаным басыма тептi. Көзiм қарауытып көрер емеспiн. Көпе-көрнеу қиянатқа қалай төзерсiң, не iстеу керек? Т.Сәу. ~ Атақоныс, туған жер тартып алынып таратылып беріліп жатты. Қорланған, ашынған азаматтар мынандай көпе-көрнеу қиянатқа төзе алмады. Б.Нұрж. ~ Толық ашылып, мемлекеттік тұрғыда саяси бағасы берілмеуінің себеп-сыры түсінікті десек те, көпе-көрнеу қиянат көрген, ар-намысына нұқсан келген халық ретінде үнсіз қалуға, түк болмағандай әрекетсіз жүруге қақымыз бар ма өзі?! Т.Айт.