Көкірегі соқыр; сезімсіз, ойсыз; көр соқыр. ~ Өзі Ноғайқұлдың әкесі Торанғұлмен тұз-дәм татысқан, көкірегін ешкімге бермеген жөн-жосықты білетін кісі еді. Енді сол: – Сабыр-сабыр мырза! – деп сақалын тарамдады. Жұрт аңырғанда ол шешіле, көсіле сөйлеп кетті. – Қуыс кеуде, көр білте болма, Кәден. Т.Әлімқ. ~ Әулекі де емес өре түрегел, Әумесер де емес өртке ұрынардай. Көр білте кеуде, санадан соқыр Саңлаусыз емес тумыстан кенде. К.Мырз. ~ Мезгілсіз ұйқыдан басы ауырған Шәукен қол шайғанда шырағданның шынысына су шашыратып алды. Шыны шырт ете қалды. Сұранышбек: – Әй, кәпірдің бөлтірігі неге қол сілтейсің. Қап, шырағданым көр білте боп қалды-ау! – деп өкінді. Т.Әл.
