Posted in

КӨР ДЕ ТҰР

Айтпады деме, дәл солай болады д.м. * Таңға дейін дауыл басылады, күн шайдай ашылады, көр де тұр! – деп мен сәуегейсіп сенім білдірдім. Ә.Асқ. * – Аюға ақыл үйреткен таяқ. Көр де тұр, мен бұл жабайы хайуанды әлі қойдан жуас етемін! – деп қамшысын лақтырып жіберді. – Тақымымда ойнайтын болады. А.См. * Ләйлә! Ертең сен туған соң апам маған қарамай қалады, көр де тұр. Қ.Мүб.