Posted in

КӨР ЖЫЛА, ЖЕР ЖЫЛА

Қалай жыласаң да д.м. * Жалғанда жан өлмеген-ақ жаман екен! Сорлы шал! Көр жыла! Жер жыла! Балаңның денесі өлді, сүлдері қалды, қайтсын? Тағдырыңнан көр. Əкем еңкілдеп, еңкілдеп үйге жөнелді. Ж.Айм. * Жә, қызым! Мені, Мақанды алған бетінен қайтарар жан туған жоқ әлі. Көр жыла, жер жыла, кеудемнің тоңын жібіте алмайсың! Озбыр десең — озбырмын! Жүрегі жоқ мейірімсіз қара тас десең — қара таспын! С.См. * Әй, жігіттер, өлер Құлагер өлді. Енді жер жыла, көр жыла, орнын толтыра алмаймыз. Кімнің белі қайыспай отыр. Бір бәтуәға келмейміз бе, әлде қара жамылып, жоқтау айтып, қатындарша сыңси береміз бе? С.Жүн.